Дәрігерлер суыққа аллергия бірнеше себепке байланысты туындауы мүмкін екенін айтады
Суық мезгілде кейбір адамдардың терісінде қызару, қышыну немесе бөртпе пайда болып, өзін жайсыз сезінуі мүмкін. Дәрігерлер мұны медицинада суыққа аллергияның көрінісі деп түсіндіреді. Бұл – ағзаның төмен температураға ерекше реакциясы, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Суыққа аллергия қалай білінеді?Мамандардың айтуынша, суықтың әсерінен теріде:
Бұл белгілер көбіне аязда жүргеннен кейін немесе суық желге ұрынғанда байқалады.
Неліктен суыққа аллергия пайда болады?Дәрігерлер суыққа аллергия бірнеше себепке байланысты туындауы мүмкін екенін айтады. Ол кей жағдайда өздігінен дамиды, ал кейде:
Мамандар суыққа аллергиясы бар ата-аналардың балаларының кейбіреуінде суыққа байланысты ринит немесе дерматит белгілері кездесуі мүмкін екенін атап өтеді.
Қалай емделеді және алдын алу жолдары қандай?Суыққа аллергияны емдеу көбіне суық мезгілде антигистаминдік препараттарды қабылдауды қамтиды. Сонымен қатар дәрігерлер:
Бұл шаралар аллергиялық реакциялардың алдын алуға көмектеседі.
Қыста мұрын неге жиі бітеледі?Дәрігерлер қыс мезгілінде мұрынның жиі бітелуін тек тұмаумен ғана байланыстырмау керек екенін айтады. Суық ауа мен жел кейбір адамның мұрнының шырышты қабығын тітіркендіріп, уақытша тұмауға ұқсас белгілер тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайда далада тыныс алу қиындап, жылы жерге кірген соң жағдай біртіндеп қалпына келеді.
Сонымен қатар қыста ауаның шамадан тыс құрғауы да мұрын бітелуінің себептерінің бірі. Бұл шырышты қабықтың кебуіне және қабыршақтардың пайда болуына әкеледі.
Мамандар мұрын шырышты қабығын қорғау үшін теңіз суы негізіндегі ылғалдандыратын спрейлерді қолдануға болатынын айтады. Алайда оларды дәрігердің кеңесінсіз күніне бес реттен артық пайдаланбау қажет.
Сондай-ақ жылыту маусымында үйде ауа ылғалдандырғышты қолдану тыныс алу жолдарының жай-күйін жақсартуға көмектеседі.
Дереккөз: radio1.ru
Оқи отырыңыз: Сағыз шайнаудың пайдасы мен зияны қандай – дәрігер кеңесі