Биыл Рамазан айы қашан басталатыны белгілі болды

13.01.2026 20:52

Қасиетті Рамазан 19 ақпанда басталады

Depositphotos.com

2026 жылы 19 ақпанда Қасиетті Рамазан басталады, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚМДБ мәліметіне сәйкес, Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Ораза айт мейрамы 20 наурызда, Құрбан айт мейрамы 27–29 мамыр аралығында атап өтіледі.

Басқарма атап өткендей, барлық күн халықаралық ислам орталықтарының астрономиялық мәліметі негізінде есептелген. Дегенмен, жаңа айдың нақты көрінуіне байланысты мейрам бір күнге ығысуы мүмкін.