«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында бірқатар әскери қызметкер лауазымынан босатылды

Жамбыл облысында оққа ұшып қайтыс болған сарбаздың өліміне қатысты қылмыстық іс Қорғаныс министрінің жеке бақылауына алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өскеменде өзіне оқ атып көз жұмған сарбаздың өлімінен кейін бірқатар әскери лауазымынан босатылған. Бұл туралы Сенат кулуарында Қорғаныс министрінің орынбасары мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында генералдар, офицерлер тәртіптік жазаға тартылған. Ал қайғылы жағдай болған бөлімнің командирі, оның тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары, батальон командирі қызметінен шеттетілген. Сондай-ақ вице-министр 27 қаңтарда Жамбыл облысында оққа ұшып қайтыс болған сарбаздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Ол бұл іске қатысты тергеу жұмыстары Бас прокурор мен Қорғаныс министрінің жеке бақылауында екенін айтты.

«Бұл істер жайлы қылмыстық іс қозғалып, әскери тергеу органдары Ішкі істер министрлігіне бағынашты. Қазір тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қорғаныс министрінің үкімімен комиссия құрылып, комиссияын Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев басқарып, болған жағдайдың мән-жайын терең тексеріп жатыр», – деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков.

Оқи отырыңыз: Ашық есік: 31 қаңтарда ата-аналар әскери қызметшілердің күнделікті жұмысымен таныса алады

Новости партнеров