Шымкентте 8-сынып оқушысы өзіне қол салды

Марқұмды туыстары өз үйінен, жіпке асылып тұрған күйінде тапқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте 8 сынып оқушысы өз-өзіне қол салды. Марқұмды туыстары өз үйінен, жіпке асылып тұрған күйінде тапқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әзірге жасөспірімнің неліктен мұндай әрекетке барғаны белгісіз. Бүгінде полиция бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.

Айта кетейік, өткен жылы қалада 11 оқушы суицид жасаған. Сонымен қатар білім ордаларында жасалған буллингке байланысты 400-ден аса шағым түскен.

«Оқушы 6 сәуірде сағат 17:21 шамасында өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі шақырылған. Алайда дәрігерлер жасөспірімнің демі үзілгенін анықтаған. Айта кету керек, марқұм ешқандай медициналық есепте тіркелмеген», делінген Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында есірткі жарнамалаған 115 сайт бұғатталды

 

Новости партнеров