Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері Шымкентте 9 бала терезеден құлаған
Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің терезесінен құлаған үш жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Қаратау ауданындағы Нұрсәт шағынауданында болған. 2023 жылы туған бүлдіршін ересектердің қарауынсыз қалып, абайсызда пәтердің терезесінен құлап кеткен. Алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
Ведомствоның дерегіне сәйкес, биыл Шымкентте балалардың терезеден құлауына байланысты 9 оқиға тіркелген. Оның салдарынан төрт бала көз жұмып, тағы бесеуі түрлі жарақат алған. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде аурухана заңсыз қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды