Шымкентте белгілі асаба есірткіге ұқсас заттармен ұсталды

Polisia.kz
Polisia.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкенттегі қонақ үй кешендерінің бірінде полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Астана тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол 36 жастағы С. есімді азамат болып шықты. Полицияның мәліметінше, тінту кезінде қонақ үй бөлмесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған полимерлі пакет пен өсімдік тектес зат табылып, тәркіленген.

Алдын ала ақпарат бойынша, ер адаммен бірге интимдік қызмет көрсеткен әйел де болған. Ұсталған азамат тәркіленген заттардың мефедрон және «мак» екенін айтып, оларды жеке пайдалану үшін сатып алғанын түсіндірген. Қазіргі уақытта тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталып жатыр.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Оқи отырыңыз: Кінәлі тұлғалар жауапкершіліктен жалтармайды — Қорғаныс министрі