Шымкентте бір отбасында үш адам табиғи газдан уланып, көз жұмды

10.02.2026 15:32

Қайғылы жағдайды көршілері анықтаған.

Шымкентте бір отбасының үш адамы табиғи газдан уланып, көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтеншеліктер пәтер ішінен 61 жастағы әйелді, оның 40 жастағы қызы мен 14 жастағы немересін есікті бұзып алып шыққан. Қайғылы жағдайды көршілері анықтаған. Жоғары қабаттан су ағып, тоқтамаған соң, олар үй иелеріне хабарласқан. Алайда ешқандай жауап болмапты. Кейіннен ішке кіргенде үш адам ес-түссіз жатқан. Бүгінде оқиғаның ақ-қарасын полиция анықтап жатыр.

 «Панельдік үй ғой. Газ плита мен газ колонканы дұрыс орналаспаған. Тексеру болып жатыр, қорытындысын хабырлаймыз», – деді қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Абдинұров.

Оқи отырыңыз: Алматыда тау бөктерінде заңсыз салынған үш қабатты нысан бұзылып жатыр

Теги: Шымкент