Зардап шеккендердің барлығы дәрігердің бақылауында
Шымкентте бір үйде сегіз адам газға уланып қалды. Оқыс жағдайға түтін шығатын мұржаның қауіпсіздік талаптарына сай болмауы себеп болған көрінеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Қазір зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, барлығы дәрігерлердің бақылауында.
Айта кетейік, биыл шаһарда 240-қа жуық газдан улану фактісі тіркелген. Салдарынан 3 адам қаза тапқан.
«Қазіргі уақытта зардап шеккен азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, барлығы медициналық бақылауда. Құрметті қала тұрғындары Шымкент қаласы ТЖД газ жабдықтарын уақытылы тексеруді, түтіндік мұржаның дұрыс орнатылғанын қадағалауды, үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша келісімшарт жасауды ескерттеді», – деді Шымкент қалалық ТЖД ресми өкілі Асқар Шәріп.
Оқи отырыңыз: Аяғына пышақ сұққан: автобуста жолаушыны жарақаттаған ер адам қолға түсті