Кезекте тұрған саны 90 мыңнан асып жығылады
Биыл Шымкентте баспанаға мұқтаж жандардың бір де біреуі үйлі болмаған. Ал пәтерге қолы жетпей жүргендердің саны 90 мыңнан асып жығылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тұрғын үй кезегі жыл сайын ұзарып жатқанымен, ешкімге пәтер берілмеген. Жауапты мамандардың айтуынша, дайын үйлер жоқ. Дегенмен, кезегі келген 184 азаматты жалдамалы баспанамен қамту мәселесі қарастырылып жатыр. Тиісті басқарма өкілдері «олар жыл соңына дейін үйлі болып қалуы мүмкін» деді.
«2024 жылдың жоспары бойынша 1000 пәтер кезекте тұрғандарға берілуі керек болатын. Соның 597- тұрғын былтыр алды, 331 пәтер 2025 жылдың бастапқы кезеңіне қалды. Ал мамырда 331 азаматты жалдамалы пәтермен қамтыдық», – деді Тұрғын үй басқармасының бөлім басшысы Жұлдызай Ордабекова.
Оқи отырыңыз: Жезқазғанда 320-дан аса киік мүйізі заңсыз сақталған