Тексеру барысында 53 жастағы тұрғынның иелігінен ақбөкен мүйіздері мен өлекселері тәркіленді
Жезқазған қаласында 320-дан аса киік мүйізі заңсыз сақталған. Мұндай деректі Ұлытау облысының полицейлері «Киік - 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында әшкерелеген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тексеру барысында 53 жастағы тұрғынның иелігінен ақбөкен мүйіздері мен өлекселері тәркіленді. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті дала аумағынан киік мүйіздерін 2024 жылдан бері жинап, оларды кейін сату мақсатында үйінің шатырында жасырып келген.
«Жедел іс-шаралар барысында 53 жастағы азаматтан 322 киік мүйізі, сондай-ақ аталған жануардың өлекселері тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы және заңсыз әрекеттерге қатысы бар өзге де тұлғалар анықталып жатыр», – деді облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Арғын Алтынбеков.
Оқи отырыңыз: Атырауда 61 жастағы аңшының мүрдесі табылды