Шымкентте есірткі таратумен айналысқан адам ұсталды

Almaty.tv
Almaty.tv

Күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте есірткі таратумен айналысқан адам ұсталды. Ол тыйым салынған заттарды тал мен шөптің арасына жасырып, заңсыз саудалап келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Алайда бұл жолы айласын іске асыра алмады. Аспаннан бақылаған дрон күдіктінің қылмысын әшкерелеп, полицияға оның ізіне түсуге көмектесті. Тексеру кезінде күдіктінің автокөлігінен мефедрон салынған елу шақты орама табылған. Бұдан бөлек, есірткі саудасын жүргізетін әлеуметтік желідегі парақшасы да анықталды. Күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Құзырлы орган өкілдері тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.

«Тексеру кезінде оның автокөлігінен мефедрон психотроптық заты салынған 48 орама табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 150 грамнан асады. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Бағлан Мырзабаев.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында оқушыны соққыға жыққандар анықталып, тергеу басталды