Шымкентте есірткі таратып жүрген жігіт ұсталды

05.11.2026 15:29
Almaty.tv

Шымкентте есірткі таратып жүрген жігіт ұсталды. Ол бірнеше ай бойы интернет-дүкеннің курьері болып, қала тұрғындарына психотроптық заттарды таратып келген, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Алайда оның бұл заңсыз әрекеті әшкере болды. Полицейлер күдіктінің пәтерін тінту кезінде мефедрон салынған үш орама тапты. Ал тергеу барысында есірткінің ірі партиясы сақталған жасырын орын анықталды. Ондағы психотроптық заттардың жалпы салмағы 200 грамнан асады. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал құзырлы орган өкілдері сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Қостанайда қарт кісінің өліміне қатысты күдікті қамауға алынды

Толық көрсету