Қостанайда қарт кісінің өліміне қатысты күдікті қамауға алынды

ЖИ көмегімен жасалған
ЖИ көмегімен жасалған

Жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанайда 86 жастағы зейнеткерді өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға қаладағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Орындықта отырған ер адамға белгісіз біреу шабуыл жасап, пышақ жарақатын салған. Аталған жағдай әлеуметтік желіде тарап, өзге де зардап шеккендердің бар екені жазылған. Алайда, полиция кісі өлтіру дерегін растап, екінші адамның жарақат алғаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды

Оқи отырыңыз: Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар