Шымкентте есірткі жарнамалайтын жазбалардың авторы ұсталды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Тексеру кезінде жас жігіттен психотроптық зат салынған 40-қа жуық орама тәркіленді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында синтетикалық есірткі таратумен айналысқан жас жігітті қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv ІІМ баспасөз қыземтіне сілтеме жасап. 

Тексеру кезінде одан өткізуге дайындалған психотроптық зат салынған 40-қа жуық орама тәркіленді. Тергеу барысында күдіктінің қала аумағында есірткіні арнайы жасырын орындарға қалдырып, олардың координаттарымен мессенджер арқылы бөлісіп отырғаны анықталды.

Сонымен қатар ұсталған азаматтың қаладағы ғимараттар мен қабырғаларға есірткі сататын интернет-ресурстарды жарнамалайтын граффити салумен де айналысқаны белгілі болды.

Аталған жайттар бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында есірткі жарнамасын анықтау және оны жоюға бағытталған “Stop-граффити” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

"Шара аясында оқу орындарының маңында орналасқан 400-ге жуық есірткіні жарнамалайтын жазба жойылды", - делінген хабарламада.

Есірткінің заңсыз айналымының жолын кесу және есірткі жарнамаларын жою бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.

Оқи отырыңыз: Алматыда Отан қорғаушылар мен майдангерлер құрметіне концерт өтті

Новости партнеров