Бірнеше тұлға іздестіріліп жатыр
Шымкентті дүр сілкіндірген қанды төбелеске қатысы бар тағы үш күдікті қолға түсті. Олар Түркістан облысы Түлкібас ауданынан табылды, деп хабарлайды Almaty.tv
Бұған дейін аталған іс бойынша төрт адам қамауға алынған. Қазіргі таңда тағы бірнеше тұлға іздестіріліп жатыр.
Еске салсақ, қайғылы жағдай бір апта бұрын қаланың қақ ортасында болған. Жолда екі көлік соқтығысып, арты жаппай төбелеске ұласқан еді. Ашуға булыққан топ бір ер адамды пышақтап кетіп, кейіннен мәйіті аурухана маңынан табылған болатын.
Айта кетейік, бұл жағдайдан зардап шеккен тағы бір азамат ауруханада ем қабылдап жатыр.
«Науқастың бүгінгі жағдайы орташа. Ол жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды. Барлық көрсеткіші қалыпқа келді. Азамат емдеу хаттамасына сәйкес барлық қажетті ем қабылдап жатыр», – деді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында жол-көлік апатынан 4 бірдей адам қаза тапты