Шымкентте кәсіпкерді бопсалаған екі күдікті ұсталды

Олар бопсалаған ақшаны алып жатқан жерінде қолға түсті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«10 миллион теңге бермесең, өзіңді жүк көлігіңмен қоса өртеп жіберемін». Шымкенттік кәсіпкерге осылай қоқан-лоқы көрсеткен 2 азамат ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға қаладағы базарлардың бірінде болған. Ет өнімдерін тасымалдау кезінде тауар бүлініп, тараптар арасында дау туған. Алайда олар мәселені заң аясында шешпеген. Қомақты қаржы талап етіп, жүк көлігін де, адамды да өртеп жіберетінін айтып, ашық қорқытқан.

Десе де, оңай олжаға кенелмек болған екеудің жоспары жүзеге аспады. Олар бопсалаған ақшаны алып жатқан жерінде ұсталған.

«Жедел іс-шара барысында күдіктілер талап етілген соманың 5 млн теңгесін алып жатқан жерінен ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Өз бетінше билік ету» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген Шымкент қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Интернет-саудада алаяқтарға алданбау үшін не істеу керек