Шымкентте көпқабатты үйден өрт шығып, 10 адам құтқарылды

27.11.2025 19:23

Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеп жатыр

Видеодан кадр

Шымкентте ТЖМ өрт сөндірушілері өрт кезінде 10 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Министрлік мәліметінше, өрт Қонаев даңғылы бойында орналасқан 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің тоғызыншы қабатында орналасқан пәтерден шыққан.

«ТЖМ құтқарушылары түтінді үй-жайдан 10 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады», - делінген хабарламада.

Айналаны түтін басқандықтан құтқарушылар адамдарды арнайы баспалдақпен шығарды.

«Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеуде», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Павлодарда дәрігерлер ауыр науқастарды тиісті сараптамаға жібермей келген