Павлодарда дәрігерлер ауыр науқастарды тиісті сараптамаға жібермей келген
Павлодар прокуратурасы онкологиялық науқастар құқығының бұзылуын тоқтатты
Павлодар прокуратурасы медициналық ұйымдарда онкологиялық науқастарды мүгедектік пен әлеуметтік төлемдер алу үшін міндетті рәсім саналатын медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілмегенін анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жекелеген медицина қызметкерлерінің әрекетсіздігі салдарынан ауыр халдегі пациенттер із жүзінде көзделген әлеуметтік қолдау шараларынан айырылған.
«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 95 пациент МӘС-ке жіберілді, олардың 38-і мүгедектік дәрежесін алды, 57-сі сараптамадан өтуде», - делінген ведомство хабарламасында.
Прокуратура ұсынысын қарау нәтижелері бойынша жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастырады.
Оқи отырыңыз: Тойға берген сыйлығын даулаған: Шымкентте тұрғынның арызы сотта қаралды