Шымкентте көпқабатты үйдің алдынан жас жігіттің мәйіті табылды

02.11.2026 19:11

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады

Шымкентте көпқабатты үйдің алдынан жас жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

22 жастағы азаматтың жансыз денесін тұрғындар байқап, полицияға хабарлапты. Болжам бойынша, ол баспананың жоғары қабатынан құлаған. Бірақ оқиғаның қалай болғаны әзірге белгісіз. Мұның жазатайым жағдай не болмаса қасақана жасалған әрекет екенін тәртіп сақшылары анықтап жатыр. Ал тұрғындар бұл жерде адам өлімі жиі қайталанатынын айтып, алаңдаушылық білдіріп отыр.

«Тұрғын үй кешенінде биіктіктен құлау салдарынан 22 жастағы ер адам қаза тапты. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген Шымкент қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Семейде TikTok-та балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды

Толық көрсету