Семейде TikTok-та балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды

Almaty.tv
Almaty.tv

Сот шешімімен әйел ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Семей қаласының 34 жастағы тұрғыны Сәуле Мурзагалиева TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балаларының көзінше балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шамамен 640 адам тамашалаған тікелей эфир барысында әйел әдепсіз сөздер қолданған. Оның бұл әрекеті әкімшілік іс қозғауға негіз болды.

Сот шешімімен әйел ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Әлеуметтік желідегі тікелей эфирде айтылған сөздерді көрермендер ғана емес, жанында жүрген балалар да естиді. Ал балалар қарым-қатынас мәдениетін, өзгелерге құрмет көрсетуді және қоғамда өзін ұстау әдебін ең алдымен ересектерден үйренеді. Сондықтан ата-ананың әрбір сөзі мен іс-әрекеті бала тәрбиесінде маңызды рөл атқарады.

Полиция азаматтарды қоғамдық әдеп нормаларын сақтауға және әлеуметтік желілердегі әрекеттері үшін де заң алдында жауапкершілік көзделгенін естен шығармауға шақырады.

“Заң мен тәртіп” қағидаты отбасынан басталады. Өйткені бала тәрбиесіндегі ең басты өнеге – ересектердің күнделікті іс-әрекеті мен мінез-құлқы.

Оқи отырыңыз: Павлодарда алимент төлеуден қашқан әйел ұсталды:оның қарызы жеті миллион теңгеге жуықтаған