Шымкентте пластикалық операциядан кейін әйел бір көзінен айырылды

17.09.2026 20:57

Прокуратураның мәліметінше, ер адам заң талаптарын бұзып, әйелге блефаропластика жасаған

Depositphotos.com

Шымкентте тиісті лицензиясы мен маман сертификаты жоқ азаматқа пластикалық операция жасағаны үшін сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Прокуратураның мәліметінше, ер адам заң талаптарын бұзып, әйелге блефаропластика жасаған. Операциядан кейін пациенттің бір көзінің көру қабілеті толық жоғалған.

Сот оны Қылмыстық кодекстің 322-бабы  2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, бір жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ үш жыл бойы медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығынан айырды.

Прокуратура пластикалық операция жасатпас бұрын маманның біліктілігі мен медициналық лицензиясын тексеруге шақырды.

"Тиісті лицензиясы мен біліктілігі жоқ адамдарға жүгіну өмір мен денсаулыққа ауыр зардап әкелуі мүмкін", – деп ескертті ведомство.

Оқи отырыңыз: Ұлдана Мырзуанның ісі: тергеуші сотталушының өзіне жүктелген міндетін білмейтінін айтты

Толық көрсету