Ұлдана Мырзуанның ісі: тергеуші сотталушының өзіне жүктелген міндетін білмейтінін айтты

Тергеуші Аяжан Нүсүпбекованың айтуынша, Сәуле Жұбаниязова төрайым қызметіне келгеннен кейін ғимаратқа тексеру жүргізбеген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада қызмет барысында қаза болған Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін тергеуші Аяжан Нүсүпбекова жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, Сәуле Жұбаниязова төрайым қызметіне келгеннен кейін ғимаратқа тексеру жүргізбеген. Тергеуші, сотталушының өзіне жүктелген міндеттерін толық білмейтінін айтып, тіпті оның бұл қызметке қалай келгеніне де түсінбегенін жеткізді. Оның сөзінше, егер Жұбаниязова 6 ай ішінде бір рет болса да үйді тексеріп, жиналыс өткізіп немесе ақаулардың себебін анықтау үшін мамандарды шақырғанда, жағдайдың алдын алуға мүмкіндік болар еді.

«Тексеру кезінде мен көру қабілетім нашар болса да, үйдің екінші және үшінші қабаттарындағы жарықтарды көрдім. Сонда Жұбанязова оны қалай байқамаған және опырылудың алдын алу үшін неге шара қолданбаған? Егер ол 6 ай ішінде кемінде бір рет тексеру жүргізіп, жиналыс ұйымдастырып, жағдайдың алдын алуға болар еді. Алайда ол тиісті әрекет жасамаған», – деді Полиция департаментінің тергеушісі Аяжан Нүсүпбекова.

Оқи отырыңыз: Жеңілдетілген несие алып беремін деп азаматтарды алдаған алаяқ сотталды