Сот шешімімен ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды
Шымкентте тойдан шыққан ер адам сигналды тапаншамен аспанға оқ атып, айналасындағыларға қауіп төндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға қала аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында полиция назарын аударған.
Полицияның мәліметінше, 34 жастағы қала тұрғыны Бунедбек Юлдашев мейрамханалардың бірінің маңында аспанға оқ атқан.
Сот шешімімен ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар оған түнгі тыныштықты бұзғаны және қаруды құқыққа сыйымсыз қолданғаны үшін айыппұл салынды.
Полиция қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын кез келген әрекет заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті.
Оқи отырыңыз: Банк шоты бұғатталған адам қалай өмір сүреді - депутат