Референдумға дейін:
23
күн
13
сағат
48
минут

Шымкентте сталкинг пен қыз алып қашуға қарсы ауқымды форум өтті

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Іс-шара қыз-келіншектердің қауіпсіздігі мен құқығын қорғауға арналды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте сталкингке қарсы ауқымды форум өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент қаласында қыз-келіншектердің қауіпсіздігі мен құқығын қорғауға арналған "Қыз тағдыры – ел тағдыры" атты кең ауқымды форум ұйымдастырылды. Іс-шараны полиция департаменті өткізіп, оған мыңнан астам адам қатысты.

Форумға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, полиция департаменті бастығының орынбасары Еркебұлан Ережепов, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау саласының мамандары, теологтар мен қоғам белсенділері қатысты.

Іс-шара барысында сталкингтің қоғамға тигізетін зияны, оның психологиялық және құқықтық салдары кеңінен талқыланды. Мамандар мұндай әрекеттердің жеке адамның өміріне және қауіпсіздігіне қол сұғу екенін атап өтті.

Сонымен қатар қыз алып қашу мәселесіне ерекше назар аударылып, бұл әрекеттің "дәстүр" емес, қылмыс екені нақты айтылды. Спикерлер сталкинг пен қыз алып қашуға жол жоқ екенін, мұндай құқықбұзушылықтар үшін заң аясында қатаң жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді.

Форумның басты мақсаты – қоғамда қыз-келіншектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, құқықтық сауаттылықты арттыру мен қауіпсіз қоғам қалыптастыруға бағытталмақ.

Оқи отырыңыз: Жемқорлықпен күрес: Алматыда жол сапасы талқыланды

Новости партнеров