Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалар саны қанша - статистика
Аlmaty.tv
2016-2025 жылдар аралығында өсім 43,2% ұлғайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда 550 204 заңды тұлға тіркелген. Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, оның ішінде 438 787– жұмыс істеп тұрған субъектілер, деп хабарлайды Almaty.tv.
2026 жылғы қаңтарда 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда заңды тұлғалар саны 0,1% артты, ал өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы өсім 2,5%.
2016-2025 жылдар аралығында олардың саны 383 850-ден 549 669-ға дейін өсіп, 43,2% ұлғайды.
Тіркелген заңды тұлғалардың ең жоғары үлесі мына салаларға тиесілі:
- Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу – 26,7%;
- Құрылыс – 13,4%;
- Өзге де қызмет түрлерін көрсету» – 9,9%.
Тіркелген заңды тұлғалар саны басым аймақтар – Алматы (28,8%), Астана (19,5%) және Шымкент (5,5%) қалалары.
Оқи отырыңыз: Шымкентте сталкинг пен қыз алып қашуға қарсы ауқымды форум өтті
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
23.09.2026 08:15
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
23.09.2026 08:00
Алматыда үшем дүниеге келді
22.09.2026 14:49
22 қыркүйекке арналған валюта бағамы
22.09.2026 08:20