Марқұмның туыстары жасөспірімге берілген жазамен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген
Шымкентте үй жинауға барған әйелді өлтіріп, кейіннен мәйітін қоқысқа тастаған мектеп оқушысының ісі сотта қайта қарала бастады. Себебі марқұмның туыстары жасөспірімге берілген жазамен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еске салсақ, жаға ұстатарлық жайт былтыр шілде айында болған. 26 жастағы келіншек күнкөріс үшін қосымша ақша табамын деп біреудің пәтерін тазалауға барған. Әйел ақысын сұраған сәтте 11 сынып оқушысы оны бірнеше мәрте пышақтапты. Онымен қоймай денені қорлады деп те айыпталған. Кейіннен сот 17 жастағы жігітті 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Бірақ ол «Мәйітті қорлау» бабы бойынша ақталған. Енді бақилық болған әйелдің жақындары кінәліні өлім жазасына кесуді талап етіп отыр.
«Кәмелетке толмаған бала қылмысты еркін жасай беру керек пе? Ол заң алдында жауап беруі тиіс», – деді марқұмның анасы Қарлығаш Оңғарбаева
Марқұм Диана Оңғарбайдың артында екі қызы қалған. Олар қазір әкесінің қамқорлығында. Бес және екі жастағы бүлдіршін аналарының өмірден өткенін әлі де білмейді.
Айта кетейік, аппеляциялық сот жабық режимде өтіп жатыр.
«Мамамды шақыршы, қашан келеді?» деп сұрайды. Мен ештеңе айта алмай қалам. Екі қызға қиын», – деді марқұмның анасы Қарлығаш Оңғарбаева.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында жылқылар жаппай қырылып жатыр