Шымкенттегі қыз өлімі: қылмыстық іс ІІМ бақылауына алынды

16.01.2026 15:06

Қазіргі уақытта күдікті сот санкциясымен қамауға алынды

Аlmaty.tv

Шымкент қаласында қызды өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Шымкент қаласы полиция қызметкерлері тарапынан уақтылы шаралар қабылданбауы мүмкін деген пікірлер мен уәждер бойынша қызметтік тексеру тағайындалды.

Қазіргі уақытта күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Ең тәжірибелі қызметкерлер қатарынан арнайы тергеу-жедел тобы құрылды.

Қылмыстық іс аясында жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша күдіктінің барлық әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Тергеу-жедел іс-шаралар кешені жалғасуда, оның барысында барлық түскен мәліметтер, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар мұқият тексеріліп, талдануда.

Ішкі істер министрлігі кез келген қатыгездік көріністеріне тосқауыл қойып, кінәлі адам тиісті жазасын алуы үшін заңда көзделген барлық шараларды қабылдайды.

Оқи отырыңыз: Әкесін аяусыз ұрып-соғып, қинап өлтірген түркістандық азаматқа қатысты сот үкімі шықты