Шымкенттегі өртке қатысты болжам айтылды
Қылмыстық іс тергеліп жатыр
Шымкентте 2 баланың өмірін қиған қайғылы жағдайға қатысты алғашқы болжам айтылды. Құзырлы орган мәліметінше, олар газдан улануы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір бұл жағдай бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс «абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету белгілері» бабымен тергеліп жатыр.
Еске салайық, қайғылы оқиға 19 қазанда Күншығыс шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйде болған. Бір сәтте бес адам газдан уланып, 15 жастағы жасөспірім мен төрт жастағы бүлдіршін көз жұмды. Ал 27 жастағы келіншек пен оның үш жастағы қызы ауруханаға жеткізілген. Бүлдіршін әлі жансақтау бөлімінде жатыр.
«Алдын ала мәліметке сәйкес, балалардың өліміне иіс газымен улану себеп болған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын толық және жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген Шымкент қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Алматы оқушылары қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды жинап, ағаш екті