Күдіктілер Түлкібас ауданы аумағында жасырынған
Шымкентте жол апатынан кейінгі кісі өлімі дерегі бойынша тағы үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы адвокат Талғат Есімов мәлімдеді.
"Шымкент полиция департаментінің қызметкерлері Василий Колесниковты өлтіру фактісі бойынша тағы үш күдіктіні ұстады. Олар Түркістан облысының Түлкібас ауданында бой тасалап жүрген", – деп жазды адвокат.
Оның айтуынша, күдіктілер Түркістан облысының Түлкібас ауданы аумағында жасырынған.
Еске салайық, 20 қаңтарда Шымкентте болған жол-көлік оқиғасы жаппай төбелеске ұласып, соңы кісі өлімімен аяқталған. 21 қаңтарда төрт ер адамның ұсталғаны белгілі болды.
Оқи отырыңыз: Өскемендегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты