Шымкенттік 12 жастағы оқушы 650 кітап оқыған

19.12.2025 21:57

Әлтайыр Ерназаров қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі кітаптарды еркін оқиды.

Almaty.tv

Шымкентте тұратын 12 жастағы Әлтайыр Ерназаров жеті жылда 650 кітап оқыған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әлтайыр бес жасынан бастап кітапқа қызыққан

«Оқушы ағылшын тілін жетік біледі, халықаралық тіл конкурстарына қатысқан. Қазір француз, неміс және түрік тілдерін үйреніп жүр», - деп жазады сайт.

Бала қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі кітаптарды еркін оқиды.

Әлтайырдың айтуынша, ұйықтар алдында кем дегенде бір сағатын кітап оқуға арнайды, демалыс күндері, саяхаттағанда кітап бірге алып жүреді.

Оқи отырыңыз: Қала келбеті: Алматылық оқушы ауадан су өндірудің оңтайлы жолын тапты