Шымкенттік әйел баласын еміземін деп өлтіріп ала жаздады

10.02.2026 19:55

Ақ халаттылар жылдам әрекет етіп, сәбидің өмірін аман сақтап қалды

Шымкенттік әйел баласын еміземін деп, өлтіріп ала жаздады, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Келіншек екі жарым айлық сәбиін емізіп, артынан тоймай қалды деп, қосымша жасанды сүт қоспасын берген. Артынша нәресте лоқсып, сүтке тұншығып қалған. Бала қорылдап, көгере бастағанда қорыққан ана дереу жедел жәрдем шақырыпты. Алайда дәрігерлер келген кезде шақалақ тыныс алмай қалған. Абырой болғанда, ақ халаттылар жылдам әрекет етіп, сәбидің өмірін аман сақтап қалды. Кейін тексеріс кезінде нәрестенің жүрегі 2-3 минут бойы соқпай қалғаны белгілі болды.

«Ауыз қуысына санация жасап, жүрекке массаж жасап, амбул қапшығымен ауа беріп, ауа өткізгіш түтікшесін қою нәтижесінде 2-3 мин ішінде нәресте жылады. Жағдайы өз қалпына келе бастады. Сосын жақын маңайдағы қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда нәрестенің жағдайы жақсы, тұрақты», – деді Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының дәрігері Асылбек Саидмұрадов.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында жолды су шайып кетті