Сынған орындық, үгілген баспалдақ: стадион басшылығы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Almaty.tv
Almaty.tv

Алматыдағы Орталық стадионда 4 мыңға жуық орындық ауыстырылып, 200-ден астамы қайта бекітілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желіде Орталық стадионның жай-күйіне қатысты сыни ақпарат тараған. Желі қолданушылары сынған орындықтар мен үгілген баспалдақтарды сөз етіпті. Бүгін стадион басшылығы бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, нысанның толық қайта жаңғыртудан өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сол себепті қазір жөндеу жұмыстарына қомақты қаржы тарту негізсіз деп отыр. Дегенмен, Дженнифер Лопестің концерті қарсаңында бірқатар шаруа атқарылған.

Атап айтқанда, трибуна төсемдері мен сатылар жөнделіп, 1500 шаршы метр аумақ ретке келтірілген. Төрт мыңға жуық орындық ауыстырылып, 200-ден астамы қайта бекітілді. Сондай-ақ стадион маңы абаттандырылып, жарықтандыру жүйесі орнатылған. Санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық дәретханалар да кезең-кезеңімен қалыпқа келтіріліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматы Дженнифер Лопес концертін өткізуге толық дайын

Новости партнеров