Тәттінің ішіне жасырылған есірткі: қылмыстық іс қозғалды

Аlmaty.tv /мұрағат/
Аlmaty.tv /мұрағат/

Аталған заттар іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тәттінің ішіне жасырылған есірткі. Алматыда полицейлер есірткі затын піспенанның ішіне жасырған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Жеке тінту және тұрғылықты жерін тексеру кезінде өсімдік тектес, өзіне тән иісі бар 150 грамға жуық зат табылды.
Назар аудартқан жайт – есірткінің жасырылған орны. Тыйым салынған зат печеньенің ішіне салынған.

Сонымен қатар электронды таразылар, ZIP-пакеттер, оқшаулағыш таспа мен пластилин тәркіленді. Аталған заттар іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, полицейлер күдіктінің есірткі саудасына қатысты басқа да деректерге қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз: Шымкентте есірткі таратумен айналысқан адам ұсталды