Таяу Шығыстағы қақтығыс аймақтарынан 8 мың 585 қазақстандық эвакуацияланды

10.03.2026 14:37

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді

Almaty.tv (мұрағат)

Таяу Шығыстағы қақтығыс аймақтарынан 8 мың 585 қазақстандық эвакуацияланды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Азаматтарды елге қайтару жұмыстарын жауапты ведомство мен құзырлы мемлекеттік органдар бірлесе атқарып жатыр. Бұл шаруа резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен және әуе рейстерінен бөлек, Әзербайжан, Армения, Түрікменстанның құрлықтағы мемлекеттік шекаралары арқылы да жүзеге асырылуда.

Оқи отырыңыз: БАӘ-де тоқтатылған рейс жолаушылары Оман арқылы арнайы рейспен Алматыға келеді