Референдумға дейін:
7
күн
9
сағат
53
минут

Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық елге оралды

Ираннан бүгінге дейін 52 Қазақстан азаматы елге қайтарылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық елге оралды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, олар 12 рейспен жеткізілген, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ұшақтар қазақстандық және шетелдік компанияларға тиесілі екен. Ведомство құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарды қайтаруды жалғастыра бермек. Еліміздің сол жақтағы дипломатиялық өкілдіктері эвакуация толық аяқталғанға дейін жергілікті жерде үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, шиеленіс аймағындағы отандастарымызбен тұрақты байланыста болады.

«Әуе рейстерімен қатар, азаматтарды шығару жерүсті жолдары арқылы да жүзеге асырылып жатыр. Ирандағы дипломаттар 6 наурызда  «Заркух» компаниясында жұмыс істейтін 7 қазақстандық азаматты иран-армян шекарасына жеткізуді жоспарлауда. Бұған дейін Тегеран мен Еревандағы дипломаттар Иран аумағында қалған «Заркух» компаниясының 34 қызметкерінің елден шығуын ұйымдастырып, олар автобуспен иран-армян шекарасын өтті. Жалпы Ираннан бүгінге дейін 52 Қазақстан азаматы елге қайтарылды», – деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Үкіметте азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорт мәселелері талқыланды

Новости партнеров