Табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргендер қылмыстық жауапқа тартылады - ІІМ

10.05.2026 15:24

Өз елінің табиғатына, тарихы мен қоршаған ортаға құрмет көрсету – әр азаматтың міндеті

Mira Baibek | Аlmaty.tv

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде “хайп” жасау және видео жариялау мақсатында табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру жағдайлары жиілеп отыр. Мұндай әрекеттер елдің мәдени және табиғи мұрасына зиян келтіріп, заңмен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Табиғи ескерткіштер, қорықтар, ұлттық парктер және тарихи нысандар — Қазақстан Республикасының ұлттық қазынасы және мемлекет қорғауында. Жартастарға, ескерткіштерге және өзге де мәдени әрі табиғи объектілерге жазу жазу, оларды зақымдау заңбұзушылыққа жатады. Бұл үшін жауапкершілік қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 294-бабына (Вандализм) сәйкес, мемлекет қорғауындағы объектілерді бүлдіргені үшін 100-ден 2000 АЕК-ге дейін айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, 50 тәулікке дейін қамау, бас бостандығын шектеу немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

ІІМ еске салады: өз еліңнің табиғаты, тарихы және айналаға құрмет көрсету – әр азаматтың міндеті. Вандализмнің кез келген көрінісі қатаң құқықтық бағасын алады, себебі Заң мен тәртіп әр азаматтың жауапкершілігіне негізделген, ал мұндай құқықбұзушылықтар үшін қатаң жаза бар.

Оқи отырыңыз: Астана аспанында жойғыш ұшақтар шоуы өтеді