Ханымқыз Мұратбекова - қаладағы қазақ мектептерінің ашылуына елеулі үлес қосқан педагог
“Мұғалімдердің кәсібилігін шыңдау арқылы білім сапасын арттырамыз”. Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы, математик, қаладағы қазақ мектептерінің ашылуына елеулі үлес қосқан Ханымқыз Мұратбековамен танымдық кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
№180 мектеп-гимназиясында ұйымдастырылған «Табыстың кілті – еңбекте» рухани кешінде білім ордасының ұжымы мен оқушылары, қаланың беделді мұғалімдері бас қосып, ұлағатты ұстазбен әңгіме құрды. Қажырлы еңбегі үшін мемлекет басшысының марапаты мен төс белгісіне ие болған ісінің маманы жүздесуде жастарды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Заманауи білім беру технологияларымен оқыту сынды біршама маңызды тақырыпқа мән берілді.
Көп оқылған: Менің елім – менің туым: Алматы облысында акция басталды
–1983 жылы алғашқы қазақ мектептерін ашқан мұғалімнің бірімін. Ол кезде Алматыдабір ғана қазақ мектебі болған. Ал екінші мектепті 100 баламен аштық. Соның жемісін көріп отырмын. Білімді, оқушылармен тіл табысатын мұғалім көп болсын. Олардың мәртебесі өсе берсін! – деді ҚР еңбек сіңірген ұстазы Ханымқыз Мұратбекова.
–Ханымқыз Қыдырбайқызын педагог, екіншіден балаларға нағыз жанашыр ретінде танимыз. Ханымқыз Қыдырбайқызы ұлттық біріңғай тестілеуде оқушыларды жоғары деңгейге дейін жеткізді, нәтижесінде олар оқуға түсіп отыр, – деді №180 мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Кәмилә Нұрланқызы.
Оқи отырыңыз: Almaty TV жаңа сайтын ұсынды