Жетісу облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған
Талдықорғанда жоғалып кеткен 7 жастағы баланың денесі Қаратал өзенінен табылды. Жетісу облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Айта кетейік, 7 жастағы Данияр Айбек кеше сағат 19:30-да үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Балақайды іздестіру жұмыстарының нәтижесінде оның денесі бүгін таңғы 5:00-де өзеннен шығарылды.
«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мәнжайын анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізуде. Қаза болған баланың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Құрметті, ата-аналар, балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Ересектердің қамқорлығы мен қырағылығы қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі», – деді Жетісу облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда балаларға қауіпті 7 мың сайт бұғатталды