Бұл туралы Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат министрінің бірінші орынбасары Қанат Ысқақов мәлімдеді
Қазақстанда балаларды заңсыз және зиянды ақпараттан қорғау аясында 6863 интернет-ресурсқа қолжетімділік шектелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат министрінің бірінші орынбасары Қанат Ысқақов мәлімдеді.
Оның айтуынша, министрлік жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін күшейту үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп 59 тармақтан тұратын арнайы медиажоспар әзірлеген.
Жоспар аясында 30 бейнеролик дайындалып, олар республикалық телеарналар эфирінде 50 реттен астам көрсетілген. Кейін роликтер қоғамдық орындарда тарату үшін өңірлерге жіберілген.
Сонымен қатар жазғы маусымда қазақстандық телеарналарда балаларға арналған 9 жаңа жоба іске қосылады. Олар цифрлық және қаржылық сауаттылықты дамытуға, ұлттық мәдениет пен спортты насихаттауға бағытталған.
Министрлік мәліметінше, жазғы науқан аясында:
Бұдан бөлек, интернет кеңістігін бақылау жұмыстары күшейтілген.
«Балаларды құқыққа қарсы ақпараттан қорғау мақсатында заңсыз ақпарат орналастырылған 6 863 интернет-ресурсқа шектеу қойылды. Сондай-ақ әлеуметтік желі әкімшіліктеріне 869 пабликті бұғаттау үшін 20 мыңнан астам материал жолданды», – деді Қанат Ысқақов.
Осылайша, билік балаларға арналған қауіпті контентті шектеумен қатар, жазғы демалыс кезінде ақпараттық қауіпсіздік пен пайдалы контент көлемін арттыруды көздеп отыр.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда зейнетақы жинағының жеткілікті шегін есептеудің жаңа тәртібі бекітілді