Талдықорғанда көші-қон заңнамасын бұзу деректері анықталды

19.03.2026 14:38

Шара барысында 27 шетелдік азамат анықталды

polisia.kz

Талдықорған қаласында "Мигрант" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тексеру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шара барысында 27 шетелдік азамат анықталды.

Тексеру нәтижесінде қабылдаушы тараптан заң бұзушылықтар тіркелді — шетелдік жұмыс күшін және еңбек иммигранттарын заңсыз тарту фактілері анықталды.

Кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Құқық қорғау органдары көші-қонды бақылау мәселелері қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

– Заңға қайшы келетін әрекеттер, әсіресе көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтар, елдің ұлттық және аумақтық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Осыған байланысты құқық қорғау органдары көші-қон заңнамасының сақталуына тұрақты бақылау жүргізуде, — деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар өткізіп, заңнама талаптарын түсіндіруде және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауда.

Оқи отырыңыз: Наурызнама: Жаңару күнінде алматылықтар көшет отырғызды