Талдықорғанда дөнер пісіретін ғимаратта өрт шықты

06.08.2025 21:16

Зардап шеккендер жоқ

ТЖМ ресми телеграм каналы

Талдықорған қаласының Қаратал шағын ауданында дөнер пісіретін ғимаратта өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жедел жеткен құтқарушылар өрттің таралуына жол бермей, 30 шаршы метр алаңдағы өртті тез арада сөндірді. Сондай-ақ өрттен 2 газ баллоның шығарды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлер жаңа туған нәрестенің қолын жұлып алған