Талдықорғандағы үйлердің бірінде екі басты жылан табылды

19.06.2025 18:33

Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқылануда

әлеуметтік желіден алынды

Талдықорған тұрғыны үйінен екі басты жылан тауып аған. Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқылануда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жылан тікелей үйге кіріп келген. Видеосы мен суреттері әлеуметтік желіге жүктеліп, жұртшылықтың үрейін туғызды.

«Тура үйге екі басты жыландар кіріп жатыр», — деп жазды таңғалған саяжай иесі.

Екі басты жылан — өте сирек кездесетін генетикалық мутация. Олар табиғи ортада өмір сүре алмайды.  Желі қолданушылары жағдайды экологиялық ахуалмен байланыстырып, алаңдаушылық білдіріп жатыр. 

Оқи отырыңыз: Тұрғын үйдегі өрт: Шымкентте бір адам көз жұмды