Өртті ауыздықтауға 22 техника және 55 қызметкер жұмылдырылды
Шымкентте көппәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Төтенше жағдай таңертең болған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенше нысанның 550 шаршы метрі отқа оранып үлгерген. Көршілердің сөзінше, қызыл жалын марқұм болған 66 жастағы азаматтың пәтерінен басталған көрінеді.
«Өртті ауыздықтауға 22 техника және 55 қызметкер жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда. Аталған факті бойынша Шымкент қаласы Тұран аудандық Төтенше жағдайлар басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды, өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Қаза тапқан азаматқа қатысты сот-медициналық сараптама жүргізілуде», – деді Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Асқар Шәріп.
Оқи отырыңыз: Ақтауда сүңгуірлер тобы халықты теңізді ластамауға шақырды