Алматы облысында Қазақстан футбол федерациясы академиясының құрылысы басталды
Алматы облысында Қазақстан футбол федерациясы академиясының құрылысы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлттық құрамаға жас футболшыларды дайындайтын мектеп Талғарда бой көтереді. Қазақ футболының тамырына қан жүгіртеді деген жоба аталған федерацияның бастамасымен, әрі Алматы халықаралық әуежайының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылмақ. Аумағы 5,5 мың шаршы метрден тұратын нысанда балалардың жаттығуы үшін барлық жағдай жасалған.
Айта кетейік, академияда жабық футбол аумағы мен дене дайындығы залынан бөлек, бассейнге дейін қарастырылған. Ал жатақханасы 150 балаға арналады.
«Бүгін іргетасы қаланған футбол академиясы — Қазақстан футбол федерациясының ауқымды және стратегиялық маңызы зор алғашқы жобасы. Ол еліміздегі жас футболшыларды даярлау жүйесін өзгертіп, жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді», – деді Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров.
Оқи отырыңыз: Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев чемпионы атанды