Тамақтан кейін аз уақытқа серуенге шыққан дұрыс
Көптеген адам тамақтан кейін бірден жата кететін әдетке бой алдырған, алайда дәрігерлер бұл әдеттің ас қорыту жүйесіне зиян келтіруі мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Гастроэнтеролог дәрігерлер бұл әдеттің ең жиі кездесетін салдарының бірі – гастроэзофагеальды рефлюкс екенін айтты.
«Асқазан мен өңеш арасындағы төменгі өңеш сфинктері – бұл «қақпа» сияқты жұмыс істейтін бұлшықет сақинасы. Ол тамақты асқазанға өткізіп, кері шығуына кедергі жасайды. Ал тамақтан кейін жатқанда асқазан көлденең орналасып, бұл қақпаға қысым түседі. Соның салдарынан «қақпа» толық жабылмай, асқазанға өткен тамақ массасы өңешке кері ағады. Бұл шырышты қабатты зақымдап, гастроэзофагеальды рефлюкс ауруына әкелуі мүмкін», – дейді мамандар.
Дәрігерлердің айтуынша, тамақтан кейін жату ас қорыту процесін баяулатып, асқазандағы тағамның ұзақ тұруына, іштің ісініп, ауырлық сезімін тудыруға себеп болады.
Мәселенің алдын алу үшін тамақтан кейін аз уақытқа серуенге шығып, кем дегенде 1,5–2 сағат ерте ұйықтамаған дұрыс.
Дереккөз: gazeta.ru
Оқи отырыңыз: Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай - зерттеу нәтижесі