Тамақтан уланудың алдын алу үшін қандай ережелерді сақтау керек

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Азық-түлікті дұрыс сақтау да маңызды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тамақтан уланудың алдын алу үшін азық-түлікті дұрыс сақтау мен дайындау талаптарын сақтау маңызды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бірнеше қарапайым ережені еске салды.

Ең алдымен, қолды таза ұстау қажет. Тамақ дайындамас бұрын, тамақтанар алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен мұқият жуу керек.

Азық-түлікті дұрыс сақтау да маңызды. Өнімдерді тоңазытқышта сақтау қажет. Ал дайын тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаған жөн.

Сондай-ақ тағамды толық термиялық өңдеу керек. Әсіресе ет, балық және жұмыртқа өнімдерінің толық дайындалғанына көз жеткізу қажет.

Көкөністер, жемістер мен көкті ағын сумен мұқият жуу ұсынылады.

Мамандар мына жағдайлардан сақ болуға шақырады:

  • жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді пайдаланбау;
  • көшедегі және санитариялық талаптарға сай емес жерлерден тамақ алмау;
  • шикі және дайын өнімдерді бір тақтайда кеспеу;
  • тек қауіпсіз әрі таза ауыз суды пайдалану.

Қарапайым санитариялық ережелерді сақтау өзіңізді және жақындарыңызды тамақтан уланудан қорғауға көмектеседі.

Оқи отырыңыз: Сағыз шайнаудың пайдасы мен зияны қандай – дәрігер кеңесі