Алматыда соңғы екі жылда мейрамханалар мен сауда орталықтарында ешкім тамақтан ұшынбаған
Алматыда соңғы екі жылда мейрамханалар мен сауда орталықтарында ешкім тамақтан ұшынбаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бірақ дәрігерлер ботулизммен ауырған бірер адамды тіркеген. Олардың бәрі үйде жасалған консервілерді тұтынған. Бұл туралы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Қаткенова мәлімдеді. Сала мамандарының сөзінше, көктем және жаз айларында тағамнан улану жағдайлары жиі кездеседі. Сондықтан алдын алу шараларын ескерген абзал.¤
«Уланудың алдын алу үшін ерте піскен жеміс-жидек.көкеністі мұқият жуып бір сағатқа, суға салып қою керек. Белгіленбеген сауда орындарынан көкеністерді сатып алуға болмайды», – деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Қаткенова.
Оқи отырыңыз: Елімізге дәрілерді жеткізетін компания алаяқтық жасап келген