Тамақтану дүңгіршегіндегі жарылыс: Қарағанды облысында екі адам ауруханада жан тапсырды
Almaty.tv
Зардап шеккен тағы бір ер адам әлі де ауруханада жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағанды облысында шағын тамақтану дүңгіршегінде болған жойқын жарылыс кезінде жарақат алған екі ер адам ауруханада жан тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қос азамат ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген екен. Оларға тәжірибелі мамандар қажетті медициналық көмек көрсеткен. Бірақ емдік шараларға қарамастан, науқастарды аман алып қалу мүмкін болмапты.
Ал зардап шеккен тағы бір ер адам әлі де ауруханада жатыр. Сондай-ақ күйік шалған төртінші кісі үйіне жіберілген.
Естеріңізге салсақ, Ермеков көшесінің бойындағы дүңгіршекте газ баллоны жарылып, қуықтай нысанның күлі көкке ұшқан еді.
Оқи отырыңыз: Кинологиялық қызметте иттер неше жаста зейнетке шығады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.10.2026 12:27
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
17.10.2026 16:17
Қызыл алма мен жасыл алманың қайсысы ағзаға пайдалы
17.10.2026 12:37