Референдумға дейін:
23
күн
12
сағат
17
минут

Шымкентте бүлдіршіндерді инемен қорқытқан тәрбиеші жұмыстан қуылды

Мекеменің меңгерушісі мен тәрбиешінің көмекшісі де қызметінен босатылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте бүлдіршіндерді инемен қорқытқан балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ осындай тәртіпсіздікке жол бергені үшін мекеменің меңгерушісі мен тәрбиешінің көмекшісі де қызметінен босатылды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді.

Еске салайық, Тұран ауданындағы №59 «Айша» мемлекеттік балабақшасының қызметкері қолына шприц ұстап, балалардың зәресін алған. Сұмдық оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жылдам тараған. Артынша полиция бірден қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтауға кіріскен.

Айта кетейік, мұндай келеңсіз жағдайлар қалада былтыр да тіркелген.

«Тәрбиешілердің тарапынан балаға көрсетілген педагогикалық әдепке сәйкес келмейтін 2 факті тіркелген. Балаға күш көрсету. Жекеменшік балабақшада бір қасықпен бірнеше баланы тамақтандырған», – деді қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Дәрібаева.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын еске салайық.

Новости партнеров