Тамақтану дүңгіршегіндегі жарылыс: Қарағанды облысында екі адам ауруханада жан тапсырды

28.01.2026 18:07

Зардап шеккен тағы бір ер адам әлі де ауруханада жатыр

Almaty.tv

Қарағанды облысында шағын тамақтану дүңгіршегінде болған жойқын жарылыс кезінде жарақат алған екі ер адам ауруханада жан тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қос азамат ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген екен.  Оларға тәжірибелі мамандар қажетті медициналық көмек көрсеткен. Бірақ емдік шараларға қарамастан, науқастарды аман алып қалу мүмкін болмапты.

Ал зардап шеккен тағы бір ер адам әлі де ауруханада жатыр. Сондай-ақ күйік шалған төртінші кісі үйіне жіберілген.

Естеріңізге салсақ,  Ермеков көшесінің бойындағы дүңгіршекте газ баллоны жарылып, қуықтай нысанның күлі көкке ұшқан еді. 

Оқи отырыңыз: Кинологиялық қызметте иттер неше жаста зейнетке шығады